4 күн бұрын
ВТБ Лигасы: «Астана» маусымдағы екінші жеңісіне жетті

Кеше елордалық «Астана» баскетболшылары үшін ВТБ Бірыңғай лигасында тарихи кездесу өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Астана» баскетбол клубы сырт алаңда «Самара» командасын ұтты – 74:72 (24:16, 16:22, 16:16, 18:18).
Қазақстандық команда сапындағы ең нәтижелі ойыншы Данила Походяев болды (18 ұпай).
Бұл жеңіс Қазақстандық команданың биылғы маусымдағы екінші жеңісі болды (екеуі де «Самараға» қарсы).
