3 күн бұрын
Софья Самоделкина: Өз дайындығымның жоғары екенін білемін

Кеше АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Әйелдер арасында қысқа бағдарламада Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина әзірге 13-сатыға тұрақтады. Ол жаттығудан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
«Бүгін, таңғаларлығы, еш қобалжыған жоқпын. Дайындығыма және өзіме сендім. Чемпионат қарсаңында көп жаттығу жасадым. Сол себепті, қолымнан келетінін білемін»,-деді Софья қысқа бағдарламадан соң.
Жалпы Бостонда мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының 83 лицензиясы үлестіріледі. Оның ішінде әйелдер және ерлерден екі бөлек 24 орын. Жұптық сындағы 16, сонымен қатар мұздағы биден 19 жолдама бар.
