3 күн бұрын
Кезекті жеңіс: Евгений Кошкин Қысқы Спартакиадада топ жарды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтіп жатқан VI Қысқы Спартакиада ойындарында конькимен жүгіруден Евгений Кошкин алдына жан салмады.
44 спортшы бақ сынаған 500 метр қашықтықтағы жарыста алматылық Евгений Кошкин мәре сызығын 34,56 секундта кесті. Екінші орынға Астана өкілі Алтай Жәрдембекұлы (35,24 секунд) тұрақтаса, үздік үштікті Қостанай облысының намысын қорғаған Роман Биназаров (35,67 секунд) түйіндеді.
Қысқы Спартакиадаға Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласының атынан 80 спортшы қатысуда.
Еске салсақ, бір апта бұрын Евгений Кошкин Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді.
