3 күн бұрын
Семсерлесуден Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі болды

Қазақстандық семсерлесушілер 27-30 наурыз аралығында Мароккода өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Әлем кубогында ел намысын ерлерде Эльмир Әлімжанов,
Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин және Нариман Уәлихан қорғайды.
Ал әйелдерде София Николайчук, Владислава Андреева,
Ләззат Карипова, Каролина Фомина мен Виктория Кайдарова жарыс жолына шығады.
