3 күн бұрын

Қайрат Биекенов: Олимпиада және Әлем чемпионын дайындаған шетелдік маман бізге тегін кеңес береді

Қайрат Биекенов: Олимпиада және Әлем чемпионын дайындаған шетелдік маман бізге тегін кеңес береді

Қазақстанның тұңғыш Олимпиадасынада көк туымызды алып шыққан, шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер құрамасына жауапты Қайрат Биекенов қазіргі сәттегі хал-ахуалға тоқталды.

Шаңғымен тұғырдан секіруден 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Илья Мизерныхтың бағы жанып, ел тарихындағы тұңғыш әрі сенсациялық алтын медальді иеленіп еді. Енді ересектер құрамасының қазіргі жағдайы қалай?

-      Шаңғымен тұғырдан секіруден наурыз айының басында Норвегияда өткен әлем чемпионаты сәтсіз өтті. Бірақ қатысушылардың жас ерекшеліктеріне назар аударсаңыз, Қазақстан құрамасы ең жас ел ретінде танылды. Құрама сапында Cабыржан Муминов (30 жас), Данил Васильев (20 жас), Cвятослав Назаренко (20 жас), Илья Мизерных (18 жас) жүлдеге таласты. Кез келген спортта жетістікке жету үшін, оған лайықты деңгейде көңіл аударылу қажет. Мысалы, менің аустриялық досым Алекс Штёкль жігіттеріміздің секірістерін талдап, тегін кеңестерін беріп жүр.

Алекс Штёкль – 2011-2024 жылдары аралығында Норвегия құрамасын дайындап, 2018 және 2022 жылы 2 Олимпиада алтын медалін алып беріп, 8 рет әлем чемпионын шығарды ғой. Бұндай маманның Қазақстан спортшыларына кеңес беруі мақтаныш шығар?

-      Әрине. Спортшыларыма да көрсетемін. Әлемге белгілі маманның сенің секіргенінді көру – оларды да жігерлендіреді. Ол Қазақстан спортшыларының жас әрі потенциалы жоғары екендігін бағалаған соң ғана ақыл-кеңестерін айтады. Егер бұндай маманмен келісім-шартқа отырсақ, ұтарымыз сөзсіз. Біріншіден, шаңғымен тұғырдан секіруден арнайы комбинезон, шаңғыны еуропалық компаниялар жасайды. Спорттық құрал-жабдықтарға тапсырыс берсем, менімен салыстырғанда, Алекс Штёкльдің атағы әлдеқайда жоғары рөл ойнайды. Екіншіден, жарыс алдындағы түрлі тексеріс және т.б жағдайларда танымал тұлғаның болуы әсер етеді. Бұл спортта еуропалықтардың ықпалы жоғары. Шаңғыны жарысқа қалай дайындау қажет екендігін жақсы біледі. Үшіншіден, Жапония құрамасы да бұл маманмен жұмыс істегенді қалайды. Күншығыс елі Азия құрлығының деңгейі түсіп кетпеуі үшін, Қазақстанмен бірге тұрақты түрде оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүдделі. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы Жапониядан Рёю Кобаяси Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанған. Сондай мықты спортшымен бірге жаттығу жастарымызға да үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. 2026 жылғы Олимпиада болмаса да, 2030 жылға дейін мықты құрам жасақтауға болады.

Шаңғымен тұғырдан секіру Қазақстанда қаншалықты дамыған?

-      Бұл спорт түрінен ұлттық құрама тек Алматы қаласы (21 спортшы), Шығыс Қазақстан облысы (3 спортшы), Алматы облысынан (1 спортшы) жасақталған. Себебі, балаларға арналған трамплиндер Алматы қаласында ғана бар. Кіші трамплиндердің салынуына да назар аударылу қажет. Бұл да осы спорттың дамуына әсерін тигізеді. Жалпы 2011 жылғы қысқы Азиаданы ұйымдастыру бұл спорттың дамуына үлкен серпіліс берді.

Бұл спортта жетістікке жету үшін не маңызды?

-      Ең бірінші кезекте әр спортшы өзінің психологиясымен жұмыс істеуі керек. Бұл өте маңызды дүние. Сондай-ақ, cпортшылардың салмағы да қатты ауыр болмай, біркелкі болуы керек. Мысалы, Илья Мизерныхқа 65 келіде секірген ыңғайлы. Тәттіден барынша өздерін алшақтап, тұрақты диета ұстануы міндетті.

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қандай мақсатыңыз бар?

-      Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада бағдарламасына өзгеріс енгізіп, қатысушылар санын 65-тен 50-ге дейін қысқартты. Әрине, қиын болады. Бірақ біздің мақсатымыз – ерлер құрамасына толықтай лицензия алу. Осы бағытта жұмыс істейміз.


Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Күрес 4 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Футбол 4 сағат бұрын

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Күрес 4 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Футзал 4 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Футбол 4 сағат бұрын

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Күрес 4 сағат бұрын

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды