3 күн бұрын
Қазақстандық фристайлшылар Әлем чемпионатында соңғы орынға тұрақтады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін, 27 наурызда Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-акробатикадан Әлем чемпионаты жалауын желбіретті.
Аралас командалық сайыста ел намысын қорғаған Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов және Асан Асылхан соңғы 7-орынға табан тіреді.
Бұл сында АҚШ құрамасы топ жарды. Украина екінші орыннан көрінді. Ал үздік үштікті швейцариялық спортшылар түйіндеді.
