3 күн бұрын
Михаил Шайдоров: Әлем чемпионатында қатты уайымдадым

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылы Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатының қысқа бағдарламасындағы өнерінен кейінгі эмоцияcымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзінің қойылымые аяқтағаннан кейін Шайдоров уақытша үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынды америкалық Илья Малинин иеленсе, жапониялық Юма Кагияма екінші орынға тұрақтады.
— Бүгінгі күн мен үшін өте қиын болды. Қатты уайымдадым. Бірақ барлық элементтерімді орындап шықтым. Еркін бағдарламада тағы бір мықты өнер көрсете аламын. Мұнда енгізілген жаңа идеялар маған қатты ұнайды. Бұл мені алаңдатпайды. Ең бастысы – біздің спорт түрімізге көбірек назар аударту, — деп келтіреді Шайдоровтың сөзін журналист Джеки Вонг.
