3 күн бұрын
Евгений Плющенко: Шайдоровтың өнері - маусымның басты сенсациясы

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко Бостонда өткен әлем чемпионатында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың өнеріне таңданысын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.
«Секіру техникасы керемет, сөзсіз. Жай ғана фантастика. Cекірулері қандай жеңіл, әуедегі қозғалысы қандай әсем. Төрттік лутц, үштік тулуп – тамаша орындалды. Төрттік тулупқа кірісі – фантастика, керемет.
Ал үштік аксельде (қону кезінде мұзға қолы тиді – Sport24 ескертпесі)... Бұл қалыпты жағдай...
Шындығында, бұл маусымның басты сенсациясы. Ал Шайдоровтың бапкері Лёша Урманов – жарады. Тамаша жұмыс», – деді Плющенко.
