3 күн бұрын
Евгений Кошкин 100 метрде әлем рекордын жаңартты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Конькимен жүгіруден Астана қаласында өтіп жатқан VI Қысқы Спартакиадада Евгений Кошкин әлемдегі ең мықты спринтер екендігін дәлелдеді.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, отандасымыз 100 метр қашықтықты 9.31 секундта жүгіріп өтіп, бейресми әлем рекордын жаңартты.
Бұған дейін бұл рекорд Қытай спортшысы Гао Тинюйға тиесілі (9.32 секунд) болған еді.
100 метр - Олимпиада және әлем чемпионатының бағдарламасына кірмейді. Бірақ дәл осындай жылдамдықпен Евгений Кошкин көпшіліктің назарын өзіне аударып жүр.
