3 күн бұрын

Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті ауысты

Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті ауысты

ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен өткен Қазақстан су спорты түрлері федерациясы былтырғы маусымды қорытындылау және жаңа маусымға дайындық жиынында федерацияның жаңа президенті сайланды.

Іс-шараға федерация басшылығы, облыстық федерация басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.

Жиында федерацияның бас хатшысы Сергей Дроздов кейінгі бірнеше жылда атқарған жұмысы туралы баяндап, су спорты саласындағы маңызды жетістіктерді атап өтті. Кейінгі жылдары отандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елімізде су спорты түрлерін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар айтылды.

Жиында федерация президенті Андрей Крюков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына федерация президенттігіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар, оның ішінде облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы өкілдері бірауыздан қолдады.

Министр Ербол Мырзабосынов 2019 жылдан бері федерацияны басқарған Андрей Крюковке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Нұрлан Жақыповтың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Туризм және спорт министрлігі атынан Андрей Крюковке елдегі су спорты түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығымды білдіремін. Су спорты – Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде 120 мыңнан астам адам осы спорт түрімен айналысады. Ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістіктері осы спорттың ел ішінде кеңінен танымал болуына ықпал етті. Дмитрий Баландиннің 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы тарихи жеңісі және былтырғы әлем чемпионатында көркем жүзуден Эдуард Ким мен Наргиза Болатованың жеңісі – су спортының еліміздегі әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді. Федерацияның жаңа басшылығы бұл жетістіктерді одан әрі нығайтып, жаңа белестерге жетеді деп сенемін», – деді министр.

Жиын соңында Ербол Мырзабосынов Нұрлан Жақыповқа еліміздегі су спорты түрлерінің халықаралық ынтымақтастығын арттыруға, спортшылардың дайындық деңгейін жақсартуға және спорттық резервті даярлауға ерекше көңіл бөлетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ федерация вице-президенті болып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Маратұлы Өтепов сайланды.

Айта кетейік, Қазақстан су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Оның құрамына жүзу, су добы, көркем жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу кіреді. Осы жылдар ішінде федерация көптеген талантты спортшыларды тәрбиелеп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Михаил Шайдоров әлем чемпионатынан қанша сыйақы алады?

Басқа

Михаил Шайдоров әлем чемпионатынан қанша сыйақы алады?

Шай ішіп отыр едім: Нұралы Әліп ойынға дайын болмағанын айтты

Футбол 8 минут бұрын

Шай ішіп отыр едім: Нұралы Әліп ойынға дайын болмағанын айтты

Максим Самородов «Ахматтың» сенсация жасауына көмектесті

Футбол 18 минут бұрын

Максим Самородов «Ахматтың» сенсация жасауына көмектесті

Ғұсман Қырғызбаев 60 пен 66 келіде қандай айырмашылық болғанын айтты

Дзюдо 32 минут бұрын

Ғұсман Қырғызбаев 60 пен 66 келіде қандай айырмашылық болғанын айтты

Василий Ломаченко рингке орала ма?

Бокс 45 минут бұрын

Василий Ломаченко рингке орала ма?

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы өз өкінішін айтты

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы өз өкінішін айтты