3 күн бұрын
7 жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
7 жастағы қазақстандық шахматшы Абдулмалик Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарды.
U7 санатында бәсекеге түскен жас отандасымыз дәл осы аталымда чемпион атанған алғашқы қазақ шахматшысы атанды.
Абдулмалик шешуші ойында үндістандық Ом Еш Готтумукаладан басым түсті.
8-тур қорытындысы бойынша Абдулмалик 8 ұпай еншілеп, үндістандық шахматшыдан бір ұпай озып кетті.
Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 470 оқушы қатысып, 9 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша жүлделерді сарапқа салды. Әр партияға 90 минут және әр жүріске 30 секунд қосымша уақыт берілді. Айтулы додада еліміздің намысын 40 жеткіншек шахматшы қорғады.
