2 күн бұрын
Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Суға жүзуден Болгарияда өтіп жатқан Bulgarian Open жарысының алғашқы жарыс күнінде екі жүлде бұйырды.
100 метрге еркін әдіспен жүзу жаттығуында Глеб Коваленя қашықтықты 51.55 секундта бағындырып, топ жарды.
100 метрге шалқалай жүзу сайысында Ксения Игнатова 1:02.81 уақыт көрсеткішін тіркеп, күміс жүлдені иеленді. Ал Софья Сподаренко 100 метрге еркін әдіспен жүзуде жүлдеге бір саты жетпей (58.57 секунд), 4-орынмен аяқтады.
