2 күн бұрын
Тоғызқұмалақтан үш дүркін Әлем чемпионы Эстонияда ұлттық спортымызды дәріптеді

Фото: Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы
2025 жылғы 26 наурызда Эстонияның Таллин қаласында «Наурыз» мерекесі аясында Қазақстан Республикасының Эстониядағы елшілігі және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы бірігіп, алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Бұл туралы Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы мәлімдеді.
Шараға Қазақстан Республикасының Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов және дипломатиялық корпус өкілдері мен жергілікті билік басшылары қатысты.
Шеберлік сабағын тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Серік Ақтаев өткізді.
Айта кетейік, 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. 2024 жылы Астанада өткен Ѵ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысына 41 елдің спортшылары қатысты. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан 7 Әлем чемпионаты, 6 Азия чемпионаты өткізіліп, 50-ден астам елде насихаттаушылары мен өкілдері бар.
