2 күн бұрын
Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
ҚР Туризм және спорт министрлігі 31 наурыз – 6 сәуір аралығына белгіленген спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.
31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
- Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Астана қаласы.
1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі
- Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
- Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.
1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі
- Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды.
- Өтетін орны: Астана қаласы.
1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі
- Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.
1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі
- Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі.
- Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.
3-7 сәуір: Таэквондодан Сербия ашық чемпионаты
- Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады.
- Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.
5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты
- Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді.
- Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.
5-6 сәуір: Пара таэквондодан Қазақстан кубогі
- Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Шымкент қаласы.
5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі
- Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды.
- Өтетін орны: Шымкент қаласы.
