2 күн бұрын
Он спортшы – нөл жүлде: Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Марокконың Марракеш қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлде жеңе алмады.
Еліміздің намысын қорғаған 10 спортшының ішіндегі үздік нәтижені Руслан Құрбанов көрсетті. Ол жарысты 18-орында аяқтады.
Қалған спортшыларымыздың көрсеткіштері келесідей: Никита Жулинский – 41-орын, Михаил Кузьмин – 51-орын, Эльмир Әлімжанов – 74-орын, Кирилл Павлов – 89-орын, Вадим Шарлаимов – 92-орын, Ерлік Сертай – 98-орын, Александр Федотов – 140-орын, Аңсар Қасен – 203-орын, Нариман Уәлихан – 229-орын.
Осылайша ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 17-орынға жайғасты.
