1 күн бұрын
Қазақстандық таеквондошылар Сербияда халықаралық турнирге қатысады

Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы
Таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрама командалары Белградта (Сербия) өтетін Serbia Open 2025 халықаралық турниріне қатысады.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5-6 сәуір күндері өтетін турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен барлығы 800-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Сербияда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы келесідей: Диас Байдулаев (33кг), Руслан Стацина (37 кг), Жібек Ерғазы (+59 кг), Ерсұлтан Оразбекұлы (-49кг), Хамза Ромашкин (61кг), Әлібек Жақсылықұлы (41 кг), Мирас Исенгельдин (65 кг), Аида Гожалимова (51кг), Шаббон Исламбаева (47кг), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 кг).
Ал Қазақстан жастар сапынан даянгқа Теміржан Тасқын (51 кг), Нұрперзент Саматұлы (48 кг), Павел Эм (59 кг), Қанат Рахымберді (68 кг), Мұхамедәли Махмұд (63 кг), Штафертс Егор (+78 кг), Мейіржан Мейрамбекұлы (59 кг) және Бекет Болатұлы (73 кг) шығады.
Айта кетерлігі, бұл 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жасақталған жаңа құрам үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ. Жасөспірімдер мен жастар құрамасы аталған жарысқа Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарында дайындықтарын пысықтады.
