1 күн бұрын

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады

Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы

Таекводондан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасы Сербияда өткен Serbia Open G1 халықаралық жарысын сәтті аяқтады. 

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық жарыста жастар құрамасы 4 алтын, 1 қола жүлде еншіледі. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасы медаль кестесінде жалпыкомандалық есепте көш бастады. 

Жастарда Нұрперзент Саматұлы (48 келі),Тасқын Теміржан (51 келі), Қанат Рахымберді (68 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары) чемпион атанса, Бекет Болатұлы (73 келі) қола жүлдеге қол созды.

Ал жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Хамзальпер Ромашкин (61 келі), Диас Байдуллаев (33 келі) алтын алса, Руслан Стацина (37 келі) күміс, Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Есенгелдин (65 келі) үздік үштікке тұрақтады.

Турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен барлығы 800-ден астам спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, бұл 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жасақталған жаңа құрам үшін алғашқы халықаралық жарыс болды. Спортшылар жарысқа Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынында дайындығын пысықтады.

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa қатысады?

Басқа 6 минут бұрын

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa қатысады?

Ертең футболдан Екінші лига ойындары басталады

Футбол 8 минут бұрын

Ертең футболдан Екінші лига ойындары басталады

«Астана» велошабандозы Грекиядағы турнирде топ жарды

Басқа 14 минут бұрын

«Астана» велошабандозы Грекиядағы турнирде топ жарды

Шымкентте пара таеквондодан Қазақстан кубогы өтті

Басқа 15 минут бұрын

Шымкентте пара таеквондодан Қазақстан кубогы өтті

ЕУРО-2025: Футболдан Қазақстан қыздар құрамасы бүгін Мальтамен кездеседі

Футбол 18 минут бұрын

ЕУРО-2025: Футболдан Қазақстан қыздар құрамасы бүгін Мальтамен кездеседі

Өзбекстан футболшысы Италия чемпионатында гол салды

Футбол 30 минут бұрын

Өзбекстан футболшысы Италия чемпионатында гол салды