2 күн бұрын
Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды

Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өтіп жатқан Еуропа Кубогының кезеңінде қазақстандық спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсеткен отандасымыз 96.58 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл көрсеткіш оны басты қарсыластарынан озып шығуға мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі:
- 1-орын — Дінмұхаммед Райымқұлов (Қазақстан) — 96.58
- 2-орын — Максим Кузнецов (Украина) — 96.23
- 3-орын — Дмитрий Котовский (Украина) — 85.30
Айта кетейік, бұл жеңіс — Дінмұхаммедтің халықаралық деңгейдегі ірі жетістіктерінің бірі. Ол фристайл-акробатика саласында Қазақстанның атын әлемге танытып келеді.
