3 күн бұрын

Отандық спортшылар қысқы Олимпиадааға қалай дайындалады?

Отандық спортшылар қысқы Олимпиадааға  қалай дайындалады?

Фото: Дене шынықтыру және спорт комитет

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарына дайындықты бастады.

Бұл жөнінде Дене шынықтыру және спорт комитеті мәлім етті.

2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер спортшы ретінде іріктеліп алынды. Әр спортшы үшін жеке дайындық жоспары бекітілді. Бұл жоспар халықаралық тәжірибеге, ғылымға негізделген кешенді әдістерді қамтиды.

Әр спортшы үшін жеке қадағалау жүргізіліп, инвентарь, медициналық қолдау (WADA талаптарына сай дәрі-дәрмек пен спорттық тамақтану), психологтың көмегі, нутрициолог пен дәрігер кеңесімен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ арнайы спорттық жабдықтар, бағдарламалар дайындау, қажет болса жеке жаттықтырушылардың іссапары қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, Performance Hub платформасы арқылы әр спортшының физикалық және функционалдық жағдайы тестіленіп, дайындық циклдары ғылыми негізде жоспарланады. Бұл жаттығу жүйесінің тиімділігін арттырып, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау үшін федерациялар, өңірлік спорт басқармалары және министрлікке бағынысты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Олар спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына кедергісіз қатысуын, барлық құрал-жабдық пен медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін және бәсекеге қатысу кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс отандық спортшылардың қысқы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне бағытталған.

Чемпиондар лигасының келесі маусымына Англия атынан кемі бес клуб қатысады

Футбол 13 минут бұрын

Чемпиондар лигасының келесі маусымына Англия атынан кемі бес клуб қатысады

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысады

Теннис 1 сағат бұрын

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысады

Кавказдықтар дуэлі: Еркін күрестен Еуропа чемпионатының финалистері белгілі

Күрес 2 сағат бұрын

Кавказдықтар дуэлі: Еркін күрестен Еуропа чемпионатының финалистері белгілі

Карло Анчелотти: Жартылай финалға өту мүмкіндігі өте аз

Футбол 2 сағат бұрын

Карло Анчелотти: Жартылай финалға өту мүмкіндігі өте аз

Микель Артета: Көптеген жанкүйерге «Арсеналмен» мақтануға мүмкіндік жасадық

Футбол 3 сағат бұрын

Микель Артета: Көптеген жанкүйерге «Арсеналмен» мақтануға мүмкіндік жасадық

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

Футбол 3 сағат бұрын

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан екінші матчта жеңіске жетті