3 күн бұрын
Волейболдан қазақстандық командалар Азия клубтық чемпионатына қатысады

Фото: «Ақтөбе» волейбол клубы
Биыл волейболдан өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан кубогы мен суперкубокты жеңіп алған «Ақтөбе» командасы Азия клубтық чемпионатына қатысады.
Аталған турнир Жапонияның Осака қаласында 11-18 мамырда өтеді. Оған Жапония, Иран, Қатар, Индонезия, Таиланд сияқты елдерден 12 команда қатысады.
Азия клубтық чемпионатына былтыр қазақстандық «Павлодар» төртінші тұрақтаған болатын. Жарыс ережесіне сәйкес жеңімпаз бен күміс жүлдегер клубтық әлем чемпионатына жолдама алады. Сондықтан «Ақтөбе» алғашқы екі орынның бірін алуы тиіс.
Ал әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанған «Жетісу» командасы 20-27 сәуірде Филиппинде өтетін Азия клубтық чемпионатында ел намысын қорғайды.
