3 күн бұрын
Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарда сынға түседі?

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
ҚР Туризм және спорт министрлігі 7-13 сәуір аралығына белгіленген спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.
7–12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты
- Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Павлодар қаласы.
7–13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы
- Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
- Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.
8–13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты
- Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
- Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.
8–13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогі
- Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
- Өтетін орны: Шымкент қаласы.
8–15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты
- Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
- Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.
10–14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
- Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Ақтау қаласы.
11–12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогі
- 15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
- Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
11–13 сәуір – Синхронды жүзуден Әлем кубогі кезеңі
- Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
- Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.
13–17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты
- Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
13–19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты
- Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
- Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.
13–22 сәуір – Стенд атудан Әлем кубогі
- Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
- Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
13–22 сәуір – Нысана көздеуден Әлем кубогі
- Отандық 14 спортшы сынға түседі.
- Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
