3 күн бұрын

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa кім қатысады?

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa кім қатысады?

Жер жаһанның ең мықты жас әрі жалынды зілтеміршілерін анықтайтын жарыста қазақ елінің намысын Едіге Егемберді мен Ерасыл Сәулебеков қорғайды. Екеуі де 81 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Астанада туып-өскен Едіге жергілікті бапкер Айбек Аманиязовтың қол астында жаттығады. Қазақтың аса дарынды зілтеміршісі бұған дейін жастардың әлемдік додасында үш рет дара шықты. Соңғы рет былтыр Испанияның Леон қаласында 89 кг салмақта күш сынасты. Барлық алты мүмкіндігінде мүлт кетпеген ол басты қарсыластары ирандық Әлиреза Абаспур мен колумбиялық Джоксер Альборносты артқа тастап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Пиреней түбегінде Егемберді 352 (153+199) кило салмақты еркін еңсерді. Сондай-ақ, ол құрлық біріншілігінде де алдына жан салмады. Егер Едіге осы жолы да топ жарып жатса, онда өзінің туған күніне үлкен сый жасамақ. Өйткені, дәл сол жарыс аяқталатын күні аталған Егембердінің немересі 20 жасқа толады.

Ерасыл Сәулебековтің де есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Былтыр ол дәл сол Испанияда әлем чемпионатының қола медалін мойнында жарқыратты. Сонымен қатар, Сыр бойының сайыпқыраны 2022 жылы Мексикада және 2023 жылы Албанияда өткен жасөспірімдердің дүниежүзілік додасында бас жүлдені олжалады. Осы жайттардың өзі-ақ Лимадағы жарыста Ерасылдың да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуге жақсы мүмкіндігі бар екенін айғақтап тұр.  

Ал жасөспірімдердің әлем біріншілігінде қызылордалық Бейбарыс Ерсейіт (61 кг) пен Ернұр Мырзахмет (81 кг), Алматы облысының өкілі Ксения Прозорова (61 кг), ақмолалық Кира Данилова (81 кг) және алматылық Махамбет Алпысбай (102 кг) өнер көрсетеді.


Қазақстан дзюдо федерациясының президенті балуандармен кездесті

Дзюдо 6 сағат бұрын

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті балуандармен кездесті

«Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков 285 күннен кейін футболға оралады

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков 285 күннен кейін футболға оралады

«Шахтер» бірінші лигадағы алғашқы ойынында жеңіске жетті

Футбол 7 сағат бұрын

«Шахтер» бірінші лигадағы алғашқы ойынында жеңіске жетті

Rising Stars XI басылымы: Дастан Сәтпаевтан да мықты

Футбол 8 сағат бұрын

Rising Stars XI басылымы: Дастан Сәтпаевтан да мықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму турниріне қатысады

Футбол 9 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму турниріне қатысады

Алғашқы камбэк: Әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккей 9 сағат бұрын

Алғашқы камбэк: Әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады