5 сағат бұрын
3 алтын, 1 күміс: Қазақстандық теңге ілушілер Азия кубогында керемет нәтиже көрсетті

Фото: Ерболат Шадрахов
Шымкент қаласында өткен Теңге ілуден III Азия кубогы мәресіне жетті.
7 елдің атынан 23 шабандоз үш стиль бойынша бақ сынаған сары құрлық додасында Қазақстан намысын қорғаған барлық спортшы жүлдеге ие болды.
«Жеті құт» стилі бойынша сынға түскен отандастарымыз Сапар Бейбарыс алтыннан алқа тақса, Бақтыбай Саят күміспен күптелді. Одан бөлек «Бес белес» санатында Сейдахмет Руслан оза шапса, «Қос құлаш» бәсекесінде Әсімжан Нариман алдына жан салмады.
Ал үш стильдің нәтижесінде Сапар Бейбарыс турнирдің ең үздік теңге ілушісі деп танылды.
