5 сағат бұрын
Қазақстандық гимнастар әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, тартысты бәсеке өрбіді.
Синхронды секіру бағдарламасында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үшінші орынды иеленді. Олар 51.090 ұпай жинады.
Бірінші орынды Германия спортшылары жеңіп алды. Екінші орынға 51.350 ұпаймен Франция құрамасы тұрақтады. Жалпы бұл бағдарламада 16 жұп сынға түсті.
Айта кету керек, бұл Ерлан Тасмағамбетовтің әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлдесі.
Жекелей сын нәтижелері (барлығы 64 спортшы):
- Данил Мусабаев – 5-орын
- Ерлан Тасмағамбетов – 27-орын
- Роман Барков – 32-орын
