5 сағат бұрын
Мадридте өткен жартылай марафонда екі спортшының жүрегі тоқтап қалды

Испания астанасы Мадрид қаласында өткен жартылай марафон қайғылы оқиғамен аяқталды.
Бұл туралы испаниялық El País басылымы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, мәреге жетуге санаулы метр қалған кезде екі спортшының жүрегі тоқтап қалды. Оның біреуі оқиға тіркелген жерде көз жұмса, екіншісі ауруханаға дер кезінде жеткілді.
Мерт болған марқұмның жасы 38-де. Оған алғашқы көмекті жарысқа қатысқан медбике көрсетті. Өкінішке орай, ол кейінірек ауруханада көз жұмды.
Ал 21 жастағы тағы бір қатысушының өмірі қыл үстінде қалды. Оған көрермендер қатарында отырған медициналық қызметкер мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері дәл уақытында көмек көрсетіп, жүрек соғысын қалпына келтірді. Қазіргі уақытта зардап шеккен спортшы ауруханада емделуде.
Бұл жарысқа жалпы саны 27 мыңға жуық марафоншы қатысты. Оның 50-і шағын жарақаттар мен басқа күн өтудің әсерінен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
