08.04.2025

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды 

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды 

Фото: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Лола Әділбекова тағайындалды.

Лола Исламқұлқызы Әділбекова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есебінде күміс жүлдегері.

Әділбекова бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған. Соңғы жылдары ол Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2018 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Оған дейін аталған қызметті Әлия Юсупова атқарып келген еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас