08.04.2025
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Азия чемпионатына жолдама алды

Фото: Badmintonphoto
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына іріктеу турнирінде сәтті ойын көрсетіп, сары құрлық додасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Іріктеу турнирі аясында әлемнің 78-ші ракеткасы, 25 жастағы Панарин екі қарсыласын сенімді түрде жеңіп шықты. Отандасымыз алдымен Бангаладеш спортшысы Абдус Соад Хандокарды 2:0 (21:18; 21:6) есебімен тізе бүктірсе, екінші кездесуінде Мьянма өкілі Хейн Хтутаның осал тұсын тапты – 2:0 (21:12; 21:6).
Енді Дмитрий жарыстың 1/16 финалында әлемдік рейтингте 36-орында тұрған үндістандық Киран Джорджбен шеберлік байқасады.
