10.04.2025

Олимпиада-2028: Жаңа ережелер мен тарихи өзгерістер

Олимпиада-2028: Жаңа ережелер мен тарихи өзгерістер

9 сәуір күні Лозаннада (Швейцария) өткен отырыста Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы кеңесі 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына байланысты өзгерістерді жариялады.

Қандай жаңашылдықтар бар?

⁃ Футбол. Ерлер арасындағы бәсекеде қатысушылардың саны 16-дан 12-ге дейін қысқарады. Ал әйелдердің турниріндеге командалардың саны 12-ден 16-ға артады.

⁃ Су добы. Әйелдер сайысында командалардың саны 10-нан 12-ге дейін көбейеді.

⁃ Бокста әйелдердің салмағы 6-дан 7-ге дейін өседі.

⁃ 3х3 баскетболдан ерлер мен әйелдердің командасы 8-ден 12-ге дейін көбейеді.

Аралас сайыстар саны артады

Садақ ату - бұған дейін Олимпиадада тек классикалық садақ атудан жүлде сарапқа салынса, енді компаунд түрінен аралас бәсекеде чемпиондар анықталады. Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылы Антальядағы әлем кубогында Андрей Тютюн мен Адель Жексембинова топ жарған болатын.

Құзға өрмелеуден енді әр дисциплинада жүлделер (боулдеринг, жылдамдық, қиындық) жеке сарапқа салынады. 

Жеңіл атлетика - 4х100 метр қашықтықта аралас эстафета сайысы қосылады.

Гольф, үстел теннисі, спорттық гимнастикада да қосымша жүлде жиынтығы қосылады.

Әлем кубогы: Қос гимнастымыз екінші рет финалға шықты

Басқа 9 минут бұрын

Әлем кубогы: Қос гимнастымыз екінші рет финалға шықты

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Теннис 29 минут бұрын

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Бокс 1 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

Хоккей 2 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды

Дзюдо 2 сағат бұрын

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды