11.04.2025
Софья Самоделкина айқын басымдықпен қысқы Спартакиадада топ жарды

Бүгін, 11 сәуір күні Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан VI қысқы Спартакиада ресми түрде аяқталды.
Борис Александров атындағы спорт кешенінде төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы бәсекенің деңгейі өте жоғарыы болды. Себебі, бұл жарысқа жақында ғана Бостонда (АҚШ) ұйымдастырылған әлем чемпионатында 14-орын алып, Милан-2026 қысқы Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Софья Самоделкина қатысты.
Екі күнге жалғасқан турнирде Софья қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, күміс жүлдегерден 63 ұпайға озып кетті. Әйелдер арасындағы күтпеген жайттың бірі - күміс жүлдеге үміткер саналған София Фарафонова қос жаттығуда небәрі 122.05 ұпай жинап, жүлдеден тыс қалды.
Жеке есептегі жеңімпаздар:
Әйелдер. 14 қатысушы
1-орын. Софья Самоделкина (209.93 ұпай) - Астана қ.
2-орын. Амира Ирматова (146.55 ұпай) - Алматы обл.
3-орын. Зере Сарбалина (122.40 ұпай) - Астана қ.
Ерлер. 4 қатысушы
1-орын. Диас Жиренбаев (217.83 ұпай) - Астана қ.
2-орын. Артур Смағұлов (193.64 ұпай) - Қызылорда обл.
3-орын. Олег Мельников (178.29 ұпай) - Шымкент қ.
Командалық есеп нәтижесі:
1-орын — Астана қаласы (2 алтын, 1 қола)
2-орын — Алматы қаласы (1 күміс)
2-орын — Қызылорда қаласы (1 күміс)
4-орын - Шымкент қ. (1 қола)
VI қысқы Спартакиада Қазақстанның әр өңірін қамтыды: жарыстар еліміздің ірі спорт орталықтарында — Өскемен, Алматы, Риддер, Щучинск және Алматы облысында өтті. Екі ай бойы әр өңірдің спортшылары қысқы спорттың негізгі түрлері бойынша үздік атану үшін бақ сынады.
