2 күн бұрын

Министрлік Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуына көмектеседі

Министрлік Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуына көмектеседі

Фото: olympic.kz

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

- Министрлік отандық жетекші спортшының бірі — Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың болмауына қатысты мәселеден хабардар. Бұл жағдай Мемлекет басшысының спорт саласындағы вертикальді басқаруды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орынды әрі дер кезінде берілгенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Аталған реформаның негізгі бағыттарының бірі — жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандарын жергілікті атқарушы органдардан Министрлік қарамағына беру, - деп мәлім етті министрлік.

Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. 

- Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:
Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;
Спорт федерациялары білікті жаттықтырушылар құрамы, халықаралық жиындарға қатысу және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;
Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;
Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.
Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді, - деп толықтырды министрлік.


Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Хоккейден Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футбол 10 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Заңсыз көлікті иемденген: «Қайраттың» бұрынғы бапкерінің басы дауға қалды

Футбол 11 сағат бұрын

Заңсыз көлікті иемденген: «Қайраттың» бұрынғы бапкерінің басы дауға қалды

Жекпе-жексіз финал, Олимпиада реваншы: Ресейдегі турнирде кімдермен жұдырықтасамыз?

Бокс 12 сағат бұрын

Жекпе-жексіз финал, Олимпиада реваншы: Ресейдегі турнирде кімдермен жұдырықтасамыз?

Ресми: Евгений Макаренко «Ордабасы» футбол клубымен қош айтысты

Футбол 12 сағат бұрын

Ресми: Евгений Макаренко «Ордабасы» футбол клубымен қош айтысты

Телекөрселімдегі қателіктер: Қазақ футболының «қызығы» таусылар емес

Футбол 13 сағат бұрын

Телекөрселімдегі қателіктер: Қазақ футболының «қызығы» таусылар емес