2 күн бұрын
Қазақстандық мерген халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық мерген Ольга Хайлова Кувейттің Эль-Кувейт қаласында өтіп жатқан стенд атудан Amir Grand Prix халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Стенд атудың скит бағдарламасында сынға түскен отандасымыз 48 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, дүбірлі додада әлемнің 15 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.
