2 күн бұрын
Қазақстандық самбошылар Азия және Океания чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды

Фото: Қазақстан самбо федерациясы
Кеше Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында самбодан Азия және Океания чемпионаты жалауын желбіретті.
Алғашқы жарыс күнінде-ақ қазақстандық самбошылар 11 медаль еншіледі.
Спорттық самбода Жандос Бисенбаев (64 кг), Қуатай Арнұр (71 кг) және Ибрагимова Айман (50 кг) чемпион атанса, Зарина Мұрадасыл (59 кг) мен Жұбатқан Нұрсұлтан (58 кг) қола жүлдеге ие болды.
Ал жауынгерлік санатта Райхан Мәди (98 кг) мен Нурила Асанқызы (+80 кг) алтыннан алқа тақса, Талғат Жиентаев (+98 кг), Анара Сүйіндікова (72 кг) және Ұлтай Сейлова (80 кг) құрама қоржынына қола жүлде салды.
Айта кетейік, дүбірлі дода 20 сәуірге дейін жалғасады.
