1 күн бұрын
Мөлдір Жаңбырбай: марқұм бапкерімді түсімде көрген соң, жеңісті жолға оралдым

Токио Олимпиадасының қатысушысы, каратэ шебері Мөлдір Жаңбырбай спорттағы мансабындағы ең ауыр сәттердің бірі туралы бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Sport+ телеарнасына сілтеме жасап.
«Марқұм бапкерім қайтыс болғанға дейін мен жеңіліп жүрдім. Ағайым қайтыс болғаннан кейін, "мен не істеп жүрмін" деп ойланып қалдым. Ол кісі өмірден озғаннан кейін, оны түсімде көрдім. Түсімде ол маған күліп, грамота табыстап, арқамнан қағып тұрды. Мен бұны түсім екенін біліп тұрдым, бірақ жылап, ағайымның қал-жағдайын сұрадым. Ол маған жауап қайтармады, тек күліп, арқамнан қағып тұра берді. Бұған дейін ұйықтай алмай, жылап жүрдім, осы түстен кейін бұл ой кетті. Содан кейінгі Португалияда Премьер-лигада финалға жетіп, екінші орын алдым. Кейін Олимпиадаға іріктелдім», — дейді спортшы.
