2 күн бұрын
Көкпардан жаңа турнир өтеді

Бүгін Республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс өткен конференциясында федерациясының жаңа президенті сайланды, деп жазады Sport12.kz
Президент болып сайланған Айдарбек Қожаназаров Қазақстанда жүлде қоры 25 млн теңгені құрайтын «Қазақстан Көкпар Лигасы» басталатынын атап өтті:
«Көкпар спортынан «Қазақстан Көкпар Лигасын» бастаймыз. Жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды. Қазір басқа спорттық шаралар кестесін қарап, лиганы өткізу уақытын нақтылаймыз. Сонымен қатар көкпарды аймақтарда кеңінен насихаттау үшін барлық облыста федерация филиалдарын ашып, маркетинг, жарнама жағын күшейтеміз. Чемпионаттың жүлде қорын көбейтіп, жақсы ойын көрсеткен командаларға ынталандыру сыйлығын қарастырамыз», - деп атап өтті Қожаназаров.
Сонымен қатар Чемпионат барысында жекелеген спортшылар мен жақсы дайындалған аттарға белгілі бір номинациялармен ынталандыруды көзделіп отыр. Салым салған ат иесіне де жүлде қорының белгілі бір пайызын беру қарастырылған.
