2 күн бұрын
Есбол Сұлтановтың таеквондошылары шетелде дайындалып жатыр

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Өзбекстанда халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Есбол Сұлтанов шәкірттері Ташкентте халықаралық President’s Cup–Asia G3», «Spanish Open G1» және «Austrian Open» жарыстарына дайындықтарын пысықтайды.
Халықаралық оқу-жаттығу жиынында қазақстандық спортшылар Өзбекстан, Иордания, Қытай, Белорусь, Грузия, Тунис және Сауд Арабиясының таеквондошыларымен тәжірибе алмасуда.
Айта кетерлігі, ұлттық құраманың 20 спортшысы қатысып жатқан жаттығу жиыны 20 сәуірге дейін жалғасады.
