17.04.2025
Қазақстандық самбошылар Азия және Океания чемпионатында 15 жүлдеге ие болды
Фото: Қазақстан самбо федерациясы
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында самбодан жасөспірімдер арасындағы Азия және Океания чемпионаты өтіп жатыр.
Үшінші жарыс күнінде отандастарымыз ел қоржынына 5 алтын, 5 күміс, 5 қола жүлде салды.
Ерлер бәсекесінде Мейрамғали Мейірбек (58 кг) жарыс жеңімпазы атанды. Алпысбай Ғаламат (71 кг) пен Жамалхан Нұрхан (98 кг) күміспен күптелді. Сондай-ақ Өмірбек Арман (53 кг), Джиенғазиев Сержан (54 кг), Өтеген Арқат (88 кг) және Хамидулла Айдын (+98 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал әйелдер арасында төрт бірдей спортшымыз топ жарды. Жеңімпаздар тұғырының ең биік сатысына Ұзақбаева Ақжібек (50 кг), Алмағамбетова Аружан (54 кг), Ажмахан Ақерке (80 кг) және Төлебай Тағжан (+80 кг) көтерілді. Камзаева Нұрай (59 кг), Егізбай Диляра (65 кг) және Қанатбек Аянат (72 кг) күміс жүлде иеленсе, Халмурза Нұрсая (47 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, отандастарымыз жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, дүбірлі дода 18 сәуірге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи