1 күн бұрын
Әлем кубогы: Қос гимнастымыз екінші рет финалға шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіне қатысып жатыр.
Іріктеу кезеңінің екінші жарыс күнінде екі спортшымыз финал жолдамасын еншіледі.
Кермедегі жаттығуда Милад Карими 14,000 ұпайға ие болып, финалға бірінші орынмен шықты. Ал тіреп секіру сайысында 13,199 ұпай жинаған Алтынхан Темірбек сегізінші нәтижемен келесі кезеңге өтті.
Осыған дейін Милад пен Алтынхан еркін жаттығуда ақтық сында өнер көрсету мүмкіндігін иеленген еді. Одан бөлек тұтқалы ат снарядында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлдеге таласады.
Айта кетейік, жаһандық доданың жүлделер жиынтығы 18-19 сәуір күндері сарапқа салынады.
