1 күн бұрын

Қазақ спортының саңлағы мен болашағы кездесті

Қазақ спортының саңлағы мен болашағы кездесті

Фото: Maddie Meyer/Getty Images

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық бокс тарихындағы үздік былғары қолғап шебері, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен жүздесті.

Михаил Головкинмен бірге түскен фотосын жеке Instagram-парақшасындағы Stories бөліміне жүктеді.

Қос спортшының бетпе-бет жүздесуі Геннадий Головкиннің Алматыға жасаған іс-сапары барысында болды. GGG 17 сәуір күні жергілікті студенттермен кездесу өткізген болатын.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров биыл төрт құрлық чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Одан бөлек Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында қола медальға ие болды.

Геннадий Головкин — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, орта және екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар арасында бокстан Әлем чемпионы (2003), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004). Кәсіпқой бокста IBF, WBA, IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін Әлем чемпионы. Кәсіби рингте жалпы саны 44 айқас өткізіп, 42-де жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліп, 1 мәрте тең түскен. Жеңген жекпе-жектерінің 37-сін нокаутпен аяқтаған.

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Күрес 14 минут бұрын

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Футбол 19 минут бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Футбол 52 минут бұрын

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Басқа 59 минут бұрын

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Бокс 1 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Футбол 2 сағат бұрын

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін