18 сағат бұрын

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Фото: rsport.ria.ru

18 сәуірде «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салонында 14-16 жас аралығындағы 16 бала және олардың жаттықтырушысы болды.

 Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мерседес» маркалы шағын автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттенген. Сол сәтте автобус аударылып кеткен. Микроавтобус салонында 14-16 жас аралығындағы 16 бала және жаттықтырушы болды. Апат салдарынан сол жерде жаттықтырушы қайтыс болған.

Жасөспірімдер Павлодардан Астанаға спорттық жарыстарға жіберілгені белгілі болды. Балалар медициналық мекемеге жеткізілген және олар дәрігерлердің бақылауына алынған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Облыстық полиция департаменті сапарды ұйымдастырған жеке спорт мектебінің басшылығы полицияға хабарламағанын атап өтті. Соның салдарынан патрульдік нарядтармен сүйемелдеу жүзеге асырылмаған. Осы факті бойынша тексеру басталды.

Өзбекстан футболшысы Италия чемпионатында үздік деп танылды

Футбол

Өзбекстан футболшысы Италия чемпионатында үздік деп танылды

Максим Самородов Ресей чемпионатында нәтижелі пас берді

Футбол

Максим Самородов Ресей чемпионатында нәтижелі пас берді

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

OCTAGON 71: Аян Тұрсын сенсациялық жеңіліске ұшырады

ММА/UFC 13 минут бұрын

OCTAGON 71: Аян Тұрсын сенсациялық жеңіліске ұшырады

Футболдан ұлттық құраманың келесі жұлдызы кім болады?

Футбол 10 сағат бұрын

Футболдан ұлттық құраманың келесі жұлдызы кім болады?

Қандай Әлем, қандай Еуропа чемпионаты? - Самат Смаков төрешілерге наразылығын білдірді

Футбол 10 сағат бұрын

Қандай Әлем, қандай Еуропа чемпионаты? - Самат Смаков төрешілерге наразылығын білдірді