20.04.2025

Қазақстандық велошабандоз халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық велошабандоз халықаралық турнирде топ жарды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов Гонконг қаласында өтіп жатқан велотректен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Отандасымыз омниум бағдарламасында мәрені бірінші болып қиып (136 ұпай), алтыннан алқа тақты.

Күміс жүлде Аустрия өкілі Конор Лихиге (127 ұпай) бұйырса, жапониялық Канта Умезауа (106 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ командалық спринтте бақ сынаған Қазақстан құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміс жүлде иеленді. Ал кейрин бағдарламасында жарыс жолына шыққан ұлттық құрама спортшылары Андрей Чугай – 9-шы, Данияр Шаяхметов – 12-ші, Кирилл Курдиди – 17-ші орындарға табан тіреді.

Айта кетейік, жаһандық додаға әлемнің 68 елінен 304 велошабандоз қатысты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас