Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

22.04.2025

Александр Винокуров депутаттардың легионерлерге қатысты сынына жауап берді

Александр Винокуров депутаттардың легионерлерге қатысты сынына жауап берді

Фото: nur.kz

«Астана» велокомандасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров командаға көптеген легионерді тартқаны үшін билік өкілдерінің сынына жауап берді.

- Биыл командаға 20 жыл толды. Xds Astana қазір ол аталады. Бұл ұзақ уақыт, өмірлік цикл. Менің ойымша, олар өз міндетін абыроймен орындады. Бүгінгі таңда легионерлерге қатысты депутаттар тарапынан біздің атымызға көптеген сын айтылып жүр. Бірақ легионерсіз кәсіби спорт болмайды. Біз легионерлерді Олимпиада ойындарына қатыстырып жатқан жоқпыз. Олар ұлттық құрамада ойнамайды. Бұл - басқа нәрсе. Ал футбол, хоккей, велоспорт секілді кәсіби спорт түрлері легионерсіз болмайды. Иә, біздің қазақстандық құрамдас бөлігіміз болуы керек, балалардың ұмтылуы, өсуі міндетті. Бұл - олар үшін баспалдақ, - деді ол Dope Soz подкастында.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»