19 сағат бұрын
Ксения Баталова ат спортынан әлем кубогында 2 жүлде жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Ксения Баталова күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Ол N2 бағдарындағы жарысқа (биіктігі 140 см бөрене) Lady Di атты жылқымен шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осы кезеңмен қатар спортшылар Eurasia Maxima Masters турнирінде сынға түсті. Оның нәтижесінде Ксения алтыннан алқа тақты.
