1 күн бұрын
Әлем кубогында қазақстандық гимнасшылар қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешуші жарыс күні Қазақстан командасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.
Финал нәтижесі:
1. Қытай – 24.55 балл
2. Польша – 23.00
3. Қазақстан – 22.20
Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-сатыға жайғасты.
