6 сағат бұрын
Семсерлесуден ел үздіктері анықталды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Алматы қаласында өткен семсерлесуден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың соңғы медаль жиынтықтарын шпагашылар сарапқа салды.
Ерлер арасында Вадим Шарлаимов (ШҚО) топ жарды. Екінші орынды Эльмир Әлімжанов (Шымкент) иеленді. Ал Ғабиден Мұстафин (Шымкент) мен Александр Федетов (Астана) жарысты үшінші сатыда аяқтады.
Әйелдер арасында өткен бәсекедегі барлық жүлде Алматы қоржынына түсті. София Николайчук алтыннан алқа тақса, Полина Лисовская күміспен күптелді. София Актаева мен Ульяна Писцова қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы спортшылары жалпыкомандалық есепте алдына жан салмады. Шымкент екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысы үздік үштікті түйіндеді.
