5 сағат бұрын
Азия клубтық чемпионаты: Отандастарымыз алты медаль алды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Қытайдың Уси қаласында өткен таэквондодан (WT) 13-ші ашық Азия клубтық чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан таэквондо федерациясының хабарлауынша, 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дамир Шуленов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал 58 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Тамирлан Тілеулес қола жүлдеге қол жеткізді.
Екі күнге созылған чемпионатты Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүллемен жалпы медаль кестесінде 4-ші орынмен аяқтады.
Айта кетерлігі, турнирге Азияның 14 елінен 219 спортшы қатысты.
