3 сағат бұрын
«Астананың» екі велошабандозы Түркияда жеңіс тұғырына көтерілді

Фото: «XDS Astana Team»
Қазақстандық «XDS Astana Team» велокомандасының спортшылары көпкүндік «Түркия туры» турнирінің төртінші кезеңінде алдына жан салмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
115 шақырым қашықтықты құраған таулы аймақтағы бәсекеде отандық клубтың намысын қорғаған нидерландтық Ваут Пулс (3:14.12) топ жарса, эквадорлық Мартин Лопес (3:14.31) екінші орынға тұрақтады. Ал үздік үштікті Picnic PostNL командасының колумбиялық өкілі Гильермо Жуан Мартинес (3:14.34) түйіндеді.
Жарыс жолына шыққан қалған спортшыларымыздың көрсеткіштері келесідей: Фаусто Маснада (Италия) — 30-орын, Николя Винокуров (Қазақстан) — 33-орын, Маттео Малучелли (Италия) — 98-орын, Лев Гонов (Ресей) — 111-орын, Густав Ванг (Дания) — 115-орын.
Айта кетейік, осыған дейін «Түркия турының» үшінші кезеңінде «XDS Astana Team» велокомандасының ресейлік мүшесі Лев Гонов топ жарған болатын.
