15 сағат бұрын
Спорт саласында жемқордықпен 800 млн теңге жымқырылған

Фото: astanatv.kz
Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты 18 қылмыстық іс болды. Аяқталған істер бойынша жалпы белгіленген залал 800 млн теңгеден асты. Бұл жөнінде Sport12.kz Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
- Тергеулер бірқатар сыбайлас жемқорлық схемаларын ашты, соның ішінде жалған оқу-жаттығу жиындарын өткізу, жалақы төлеу кезінде айла-шарғы жасау, қымбат тұратын спорттық жабдықтар сатып алулар бар.Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Атырау қаласының № 2 соты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Д. Коспановқа қатысты үкім шығарды.Ол «Олимпиадалық резервті дайындау орталығы» КММ аға жаттықтырушысы Н. Майлашевтен бюджет қаражаты есебінен оқу-жаттығу жиындарына шығуға жәрдемдескені, сондай-ақ КММ жаттықтырушыларынан жалпы сомасы 2,4 млн теңгеге ақша қаражатын заңсыз жинау жолымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін 1,7 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бұдан басқа, басқарма басшысы КММ-де еңбек қызметін іс жүзінде жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 1,1 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Қоспанов 4 жылға, Майлашев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге сотталғандар мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
- Бұған дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты «Жастар» олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің футболдан басшысы Б. Нұрлановқа қатысты үкім шығарған болатын. Ол оқу-жаттығу жиындарын жалған өткізу арқылы 3 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Нұрланов мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп толықтырды агенттіктен.
