6 сағат бұрын
«Астана» велокомандасы бір айға жуық созылатын айтулы турнирге қатысады

Фото: «XDS Astana Team»
Қазақстандық «XDS Astana Team» көпкүндік «Джиро д'Италия» турнирінде сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Байрақты бәсекеде отандық клубтың намысын қорғайтын спортшылар тізіміне 5 италиялық, 1 германиялық, 1 нидерландтық және 1 қазақстандық велошабандоз енген.
Команда құрамы: Никола Кончи (Италия), Лоренцо Фортунато (Италия), Антон Кузьмин (Қазақстан), Макс Кантер (Германия), Фаусто Маснада (Италия), Ваут Пулс (Нидерланд), Кристиан Скарони (Италия), Диего Улисси (Италия).
Спорт директорлары: Александр Шефер, Марио Манцони, Дарио Катальдо.
Айта кетейік, биылғы «Джиро д'Италия» 9 мамыр Албанияның Дуррес қаласынан бастау алып, 1 маусым Италия астанасы Римде мәресіне жетеді.
