6 сағат бұрын
Қазақстандық таеквандошылар Қытайдағы турнирді жеті медальмен аяқтады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.
Турнирде Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңімпаз атанды.
Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміспен күптелсе, қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) ие болды.
Осылайша, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді.
