06.05.2025

Астанадағы VIRTUS Әлем чемпионаты шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды

Астанадағы VIRTUS Әлем чемпионаты шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды

Елордада теннистен өтіп жатқан Virtus әлем чемпионаты аясында (5-11 мамыр) 8 елден келген делегациялардың қатысуымен ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті, деп хабарлады Sport12.kz

Іс-шара «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына орайластырылды, ол достықтың, даму мен халықаралық ынтымақтастықтың символына айналды.

Virtus халықаралық федерациясының өкілі Лесли Уайтхэд чемпионатты ұйымдастырудың және қаланы абаттандырудың жоғары деңгейін атап өтті:

«Қазақстанға келгеніме қуанып тұрмын. Алғашқы минуттардан бастап мені қаланың тазалығы мен тәртібі таң қалдырды. Бәрі сондай ұқыпты, үйлесімді және жайлы.

Мені жоғары деңгейде қарсы алды. Мұндағы адамдар ерекше мейірімді, ашық және ол бірден байқалады.

Бүгін біз керемет экологиялық акцияға – ағаш отырғызуға қатыстық. Бұл шынымен ерекше күш береді. Осындай маңызды және игі істің бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын.

Сонымен қатар, бұл күндері интеллектуалды кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем чемпионаты өтеді. Ерекше айта кетерім бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған, үлкен кәсібилік пен іске деген сүйіспеншілік сезіледі.

Мұнда болу – ерекше ләззат сыйлайды. Қазақстан есте қаларлықтай әсер қалдырады. Осындай қабылдау үшін рахмет!» - деді елорда қонағы.

Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева өткен іс шараның символдық сипатын атап өтті:

«Спорт тек жарыс қана емес, оны құндылықтар деп те санаймыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегациялармен бірге ағаш отырғызу – инклюзия мен табиғатқа қамқорлық қатар жүретін болашаққа қосқан үлесіміз. Бұл аллея чемпионаттың спортшыларының өміріне ғана емес, қала мен қоғамның өмірінде де оң өзгерістер әкелетіндігінің белгісіне айналады».


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді

Хоккей 9 сағат бұрын

«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысады

Басқа 9 сағат бұрын

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысады

ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Хоккей 11 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

31 млрд 799 млн 143 мың теңге, не деген жомарттық? - Депутат қазақ футболын сынға алды

Футбол 11 сағат бұрын

31 млрд 799 млн 143 мың теңге, не деген жомарттық? - Депутат қазақ футболын сынға алды

Британиялық журналист әлем чемпионатында көзге түскен боксшылардың рейтингісін жариялады

Бокс 12 сағат бұрын

Британиялық журналист әлем чемпионатында көзге түскен боксшылардың рейтингісін жариялады

6 айдан кейін жаңарған рекорд: Қазақстан чемпионатын қанша жанкүйер тамашалады?

Футбол 12 сағат бұрын

6 айдан кейін жаңарған рекорд: Қазақстан чемпионатын қанша жанкүйер тамашалады?